Алматының бас дәрігері Әсия Ақанова қызметінен босатылды

Әсия Ақанова, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, басшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2025 18:59 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Бүгін, 2025 жылғы 11 шілдеде Әсия Ақанова басқа лауазымға ауысуына байланысты Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратпен оңтүстік астана әкімдігі бөлісті.

Ақанова қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып 2024 жылдың қараша айында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен тағайындалған болатын.

Әсия Ақанова дәрігерлер отбасында туып-өскен. «Болашақ» бағдарламасының түлегі бола отырып, University College London (2013) және Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетін (2015), "Жалпы Медицина" мамандығы бойынша докторантураны (2016) бітірген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жергілікті және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша оқуын аяқтады (2024). Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.

Әсия Ақанова еңбек жолын 2011 жылы ҚазҰМУ отбасылық медицина кафедрасының зертханашысы және әдіскері, доценті, кейін кафедра меңгерушісі болып бастаған. 2018-2020 жылдар аралығында Алматыда Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашумен және оған басшылық жасаумен айналысты. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты болып табылады. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отбасылық медицина кафедрасының доценті ретінде ғылыми-педагогикалық қызметін жалғастыруда. 

Бұған дейін Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметінен кеткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: