Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен 2025 жылы 21 шілдеден бастап қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Марат Орымбасарұлы Пашимов тағайындалды., сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2025 14:42 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен 2025 жылы 21 шілдеден бастап қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Марат Орымбасарұлы Пашимов тағайындалды.

Марат Пашимов 1981 жылы 4 қазанда дүниеге келген. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Денсаулық сақтау саласында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Әр жылдары медбике, анестезиолог-дәрігер болып жұмыс істеген. Сондай-ақ, реанимация және телемедицина бөлімшесінің меңгерушісі, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс мен төтенше жағдайлар жөніндегі бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарған. Қалалық емхананы, облыстық клиникалық аурухананы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарған.

2023 жылдан бастап Алматы қаласындағы "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: