Оңтүстіктегі бес елдімекенде құтқарушылар су тасқыны қаупінің алдын алды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2023 10:20 Сурет: gov.kz
Алматы және Жамбыл облыстарының ТЖМ бөлімшелері мен әкімдіктердің қызметтері бес елдімекенде су басу қаупінің алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен түні Алматы және Жамбыл облыстарының ТЖМ бөлімшелері мен әкімдіктердің қызметтерінен 200 адам мен 45 техника 5 елдімекенде су басу қаупінің алдын алды.

"Қардың күрт еруі салдарынан егістіктерден аққан қызыл суды бұру бойынша жедел жұмыс жүргізілді. Алдында су басқан аула аумақтарындағы суды жою жалғастырылды". ҚР ТЖМ

Бір түнде жүргізілген су бұру каналдарының жалпы ұзындығы 18 мың метр, елді мекендерге жақын жердегі сорылған су 16 мыңнан астам текше метрді құрайды.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Түркістан облысында барлық су басу жойылды. Сырдария, Арыс және Бөген өзендеріндегі тәулік бойы жұмыс істейтін 14 су бекетінің жұмысы жалғасуда.


4 ақпанда Юрий Илин Түркістан облысындағы су тасқыны жағдайын бажайлау үшін тікұшақпен көкке көтеріліп, биіктен шолу жасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: