Жаңалықтар тізбегі
0

Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф дүниеден өтті

Қаралы хабар, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2023 13:42 Сурет: flickr
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф Дубайдағы ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Пәкістан әскери күштері 2008 жылы биліктен шеттетілген 79 жастағы Мушаррафтың қайтыс болғанын растады. Бұрынғы әскер қолбасшысы бас сауғалап, Дубайды пана тұтқан, деп хабарлайды Reuters.

2013 жылы ол мемлекетке опасыздық жасағаны үшін өлім жазасына кесілді. Экс-президент Дубайға қашып үлгеріп, соңғы жылдары осында тұрып жатқан. 

Первез Мушарраф 2003-2005 жылдар аралығында үш қастандық әрекетінен аман қалды. Пәкістанның барлау агенттігінің хабарлауынша, тағы 14 қастандықтың алдын алу мүмкін болған. 

Пәкістан армиясының, флотының және әуе күштерінің бас қолбасшылары Первез Мушаррафтың қайтыс болуына байланысты көңіл білдірді.

Первез Мушарраф 2001 жылдан 2008 жылға дейін Пәкістан президенті болды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: