Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
Сурет: Facebook/Imran Khan
Гуджранвала қаласында белгісіз біреулер саяси шерушілерге оқ жаудырған кезде Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханның аяғына оқ тиді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Geo.tv телеарнасының хабарлауынша, белгісіз біреу лектің басында келе жатқан "Пакистан Техрик-и-Инсаф" партиясының төрт-бес көшбасшысы отырған көлікке шабуыл жасаған.
Экс-премьер ауруханаға жатқызылды.
70 жастағы Хан мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап еткен шерушілерді бастап, Исламабадқа бет алған.
Өткен аптада Пәкістанда "Пакистан Техрик-и-Инсаф" оппозициялық партиясының шеруі басталды, наразы топ 11 қарашаға дейін ел астанасы Исламабадқа жетуді жоспарлаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript