Жаңалықтар тізбегі
0

Grand Slam турнирі: Қарсыласын тістеп алған отандасымыз Әйгерім түсінік берді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2023 17:41 Сурет: видеодан алынды
Қазақстандық спортшы Әйгерім Әбілқадырова дзюдодан Парижде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде бельгиялық қарсыласын тістеп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеода қарсыласының әдісіне түсіп қалған қазақстандық спортшының оны тістеп алғаны көрінеді.

Кейінірек Әйгерім бұл әрекетінің себебін түсіндірді. Сөйтсе, бельгиялық спортшы "жеңілгені" жайлы белгі бергеніне қарамастан біздің қызды ары қарай қинай берген екен. 

"Мен берілетін болып, белгі бердім. Бірақ, соған қарамастан, бельгиялық спортшы менің қайырып алған қолымды сындыра берді. Шынтақ тұсымнан "қырт" еткен дыбыс шыққаннан кейін қатты ауырсынудан әрі не істерімді білмей, тығырыққа тірелгендіктен оны автоматты түрде тістеп алдым". Әйгерім Әбілқадырова


Спортшы өз түсініктемесінде жекпе-жекті дер уақытында тоқтатпаған судьяға да шағымданды.

Күні кеше қазақстандық спортшы Әбиба Әбужақынова осы Париждегі Grand Slam-да қола медаль иеленген болатын. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: