Дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирі: екі қазақстандық балуан финалға шықты

Дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирі: екі қазақстандық балуан финалға шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2025 15:30 Сурет: International judo federation
Дзюдодан Қазақстан құрамасының екі өкілі Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль үшін күреседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалдық белдесулерде Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) мен Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) жеңіске жетті.

Орынбасар командаласы Аман Бақытжанды жеңсе, Қырғызбаев қытайлық Цзыян Седен басым түсті.

Финалда Талғат Орынбасар ресейлік Изнаур Сааевпен белдеседі. Ал Ғұсман Қырғызбаев пен ресейлік Рамазан Абдулаев өзара мықтыны анықтайды.

Қола медаль үшін Аман Бақытжан оңтүстіккореялық Харим Лимен кездеседі.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: