Астанадағы Grand Slam турнирі: екі қазақстандық балуан қола жүлде үшін бақ сынайды

Астанадағы Grand Slam турнирі: екі қазақстандық балуан қола жүлде үшін бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2025 14:58 Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан құрамасының балуандары Есет Қуанов пен Абылайхан Жұбаназар Астанада өтіп жатқан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің қола медалі үшін күреседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есет Қуанов 73 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Батзая Ерденбаярды сенімді түрде жеңді. Енді ол Михеили Бахбахашвилимен өзара мықтыны анықтайды.

Ал 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жұбаназар жартылай финалда оңтүстіккореялық Ли Чунхванға есе жіберді. Енді қазақстандық балуан қола медаль үшін өтетін белдесуде Италия спортшысы Мануэль Парлатимен кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: