Қазақстан спортшысы дзюдодан Grand Slam турнирінің қола жүлдесін еншіледі
Сурет: olympic.kz
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда дзюдодан рейтингтік жарыс басталды. Абиба Әбужақынова (48 келі) Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) атынан өнер көрсеткен спортшы Сабина Гильназовамен бақ сынасып, шешуші айқаста қола медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Әбужақынова осы турнирде үшінші болды.
Бұл - Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіндегі алғашқы рейтингтік жарыс. Ол 2024 жылғы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін ұпай жинауға мүмкіндік береді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript