Дзюдодан Grand Slam турнирі: Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды

Дзюдодан Grand Slam турнирі: Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2025 13:12 Сурет: International judo federation
Ұлан-Батырда (Моңғолия) дзюдодан Grand Slam сериясындағы ірі халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған додада ел намысын сегіз спортшы қорғады. Алайда олардың ешқайсысы жүлдеге қол жеткізе алмады.

Командадағы ең үздік нәтижені Бауыржан Нарбаев (66 келіге дейін) пен Ермахан Әнуарбеков (90 келіге дейін) көрсетті. Екеуі де турнирді бесінші орынмен аяқтады.

Ал Толғанай Әбеуова (52 келіге дейін) жетінші орынды қанағат тұтты.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: