Астанада дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді

Дзюдо, Астана, Grand Slam, турнир, 9-11 мамыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 20:58 Сурет: ҚР ҰОК
Астанада үшінші рет дзюдодан Grand Slam сериясындағы әлемдік рейтингтік турнирі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, беделді турнир 9-11 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Турнир қорытындысы бойынша IJF ережелеріне сәйкес, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және олимпиадалық рейтингке ұпайлар беріледі.

Атап айтқанда, бірінші орын алған спортшыға — 1000 ұпай, екінші орынға — 700 ұпай, ал үшінші орынға — 500 ұпай жазылады.

Айта кетсек, 2023 жылы Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) төрт жылдық келісімшартқа қол қойған болатын. Бұл келісім бойынша Қазақстан 2026 жылға дейін Grand Slam сериясындағы турнирлерді қабылдайды.

Бұған дейін Дмитрий Бивол Нұралы Әліпке ерекше сый тарту еткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: