Дмитрий Бивол Нұралы Әліпке ерекше сый тарту етті

Дмитрий Бивол Нұралы Әліпке ерекше сый тарту етті , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 14:27 Сурет: Instagram/zenit_spb, Instagram/bivol_d
Қомақты қаржы төленетін қазақстандық футболшылардың бірі, ресейлік "Зенит" клубының және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпке Дмитрий Бивол бокс қолғаптарын сыйға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы 2025 жылдың 20 сәуірі қарсаңында "Зенит" футбол құрамасының Instagram парақшасынан белгілі болды.

"Мен "Зениттің" бір бөлігімін. Сенім үшін рахмет... Нұралы Әліпке келсек, – тамаша жігіт, "Зениттегі" үздік қорғаушылардың бірі... Айтпақшы, менің оған сыйлығым бар – оның жақсы жаттығуы үшін қолғап беремін. Мүмкін бірге спарринг жасайтын күн де келер",- деді Дмитрий Бивол.

Содан кейін құрама қазақстандық футболшының реакциясын көрсетті.

"Бұл Дмитрий уәде еткен сыйлық... Дима, көп рахмет, шын жүректен, бағалаймын!"- деді Алип.

Артынша, Әліп өзінің Instagram парақшасында қолғаптардың суретін жариялап, Биволға тағы да алғыс айтты.

Сурет: : Instagram/nurik028

Бұған дейін Туризм және спорт министрінің Санкт-Петербургте өткен Этноспорт форумына қатысқандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: