Бетербиев пен Бивол қарымта қайтару кездесуінің алдында көз түйістірді

Бетербиев пен Бивол қарымта қайтару кездесуінің алдында көз түйістірді , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2025 13:18 Сурет: Instagram/bivol_d
Ресейлік боксшылар Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол 22 ақпанда Эр-Риядта өтетін реваншқа арналған баспасөз мәслихатынан кейін көз түйістіру рәсімін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бетербиев Сауд Арабиясында өтетін Биволмен қарымта қайтару жекпе-жегінде чемпиондық белбеулерін қорғайды.

"Менің бүкіл әлемге жолдауым. Біздің жекпе-жекті жіберіп алмаңыз, бұл айрықша айқас болады",- деді Бетербиев баспасөз мәслихатында.

Бұған жауап ретінде Бивол Бетербиевке алғысын білдірді.

"Маған рематч берген Бетербиевке рахмет. Мен рингке шығып, жеңімпаз атанамын. Барлық спортшылар әрқашан жеңіске жетуді қалайды, бұл біздің құмарлығымыз. Мен өткен жолы жеңіске жетпедім, бірақ бұл жолы бірдеңені өзгерткім келеді",-деді Бивол.

Боксшылар арасындағы алдыңғы жекпе-жек өткен жылдың 12 қазанында Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтті, онда кездесу Артурдың жеңісімен аяқталды.

Бұған дейін Бибісара Асаубаеваның Монакодағы Гран-придің кезекті кездесуінде жеңіліс тапқандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: