Алматыда ҰБТ-ға дайындық орталығының "директоры" ұсталды

Алматы, ҰБТ-ға дайындау орталығы, алаяқ, оқушы, түлек, ҰБТ, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2023 13:19 Сурет: polisia.kz
Алматыда жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын білім беру орталығының "директоры" алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол түлектердің ата-анасын алдап, ондаған миллион теңгені жымқырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсының жазуынша,  22 жастағы Ж. есімді жігіт өзін жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға даярлау орталығының "директорымын" деп таныстырып, ата-аналдың сеніміне кірген.

"Келісімшарт талаптары бойынша ата-ана 238 мың теңгені бөліп төлей алатын болған. Бұл ретте "мұғалім" бала тестілеуден өтпесе, кепілді ақшаны қайтаруға уәде берген. Оқу орталығын құрушы зым-зия жоқ боп кеткен, уәде етілген сабақты оқиалмаған балалардың ата-анасы полицияға жүгінді.Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков

Полиция қызметкері бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабының 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша тіркелгенін атап өтті.


"Қазіргі тергеу сатысында қылмыстық іс бойынша 76 жәбірленуші бар. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды". Ілияс Өмірсеріков

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: