Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтарда өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш беру басталды

Қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш беру басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2022 11:34 Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қаңтарда өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 20 желтоқсанда басталып, 6 қаңтарға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Азаматтар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

ҰБТ-2023 форматында өзгерістер жоқ. Алайда, «Қазақстан тарихы» (20 сұрақ) және «Оқу сауаттылығы» (15 сұрақ) пәндерінің тест тапсырмалары санына өзгерістер енгізілді. Осылайша, Қазақстан тарихы – 20, оқу сауаттылығы – 15, математикалық сауаттылық – 15 және екі бейіндік пән бойынша 35 тест тапсырмасы ұсынылады. Барлығы – 120 тапсырма. Ең жоғары ұпай – 140. Тестілеудің жалпы уақыты 4 сағат (240 минут). Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут уақыты сақталады.

Сонымен қатар дистракторлардың (жауап нұсқалары) саны азайды. Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азайды.


"Қаңтардан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша тапсырады. Тестілеуге дайындықты жақсарту мақсатында біз оқу жылының басында информатика бойынша ҰБТ-да кездесетін терминдер тізімін жарияладық. Тестілеу барысында қазақша тапсырушылар үшін терминдердің орысша және ағылшынша, орыс тілінде тапсырушыларға қазақша және ағылшынша, ағылшынша тапсырушыларға қазақша және орысша аудармасы ұсынылады. Сонымен бірге барлық талапкер үшін тестілеуде компьютер экрандарында калькулятор, Менделеев және ерігіштік кестесі қолжетімді болады", – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Еске сала кетейік, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: