Оқушыларды НЗМ-ға дайындаған алаяқ-ұстазға үкім кесілді

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон, законы, законодательство, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2026 12:17 Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде математика пәнінің мұғалімі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Ол ата-аналарға балаларын НЗМ-ға түсіруге көмектесетінін айтып, 3,2 миллион теңге алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Диапазон басылымының дерегінше, Шыңғысхан Пайзов жеке оқу орталығында оқушыларды НЗМ емтихандарына дайындайды. Осылайша, ол екі ата-анаға балаларын мектепке түсіріп беруге уәде етіп, бірінен 1,5 млн теңге, екіншісінен 1,7 млн теңге ақы алған.

Дегенмен, ұстаз уәдесінде тұрмаған. Өз кезегінде алданған ата-аналар полицияға арызданған. Сотта Пайзов өз кінәсін толық мойындап, үкім шықпай тұрып екі зардап шеккенге келтірілген зиянды қайтарып берген. Нәтижесінде, тараптар ұстазды түрмеге отырғызбауды сұраған.

Сот оны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеді. Сонымен қатар оған жыл сайын 100 сағат міндетті қоғамдық еңбек атқару қосымша жаза ретінде белгіленді.

Бұған дейін Таразда балабақша қызметкерлерінің әлеуметтік төлемдеріне қатысты шикілік анықталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: