Садыр Жапаровтың жиені қайта қамауға алынды

Бұл туралы құқық қорғау органдары Kaktus.media редакциясына 2024 жылдың 17 шілдесінде хабарлады.
Айтуларынша, президенттің жиені Қырғызстан президентінің облыстардың бірінде өкілетті өкілі болуға уәде беріп, 100 мың доллардан астам сыйақы алған-ды, бірақ ол ешқашан уәдесін орындамаған.
Кейін оны Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері ұстаған.
Бішкектің Бірінші Май аудандық соты басылымға 2024 жылғы 21 маусымдағы сот қаулысымен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Бішкек бойынша тергеушісінің өтініші қанағаттандырылғанын хабарлады.
Ұлан Жапаровқа қатысты 2024 жылдың 19 тамызына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оған "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" бабы бойынша айып тағылып отыр.
Бір қызығы, 2023 жылы Ұлан Жапаров қамауға алынған болатын. Ол сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Ол бірнеше ай қамауда болды, кейін бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды.
Сондай-ақ 10 шілдеде Қырғызстанда мемлекет басшысының жиенінің күйеу жігіті ұсталды. Одан кейін президенттің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов ұсталған азамат пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің жай-жапсары тергеу барысында анықталатынын айтты.