Ақтөбеде жүргізуші куәлігі мен көлік тіркеуін уәде етіп, миллиондаған теңге алған алаяқ ұсталды

Ақтөбе облысы Алға қаласының тұрғыны түрлі қызметтерді көрсетемін деген сылтаумен алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір жағдайда ол жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде беріп, 1,3 млн теңге иемденген. Екіншісінде осындай сылтаумен, сондай-ақ автокөлікті шетелдік есептен қазақстандық есепке қайта рәсімдеуге көмектесуге уәде беріп, басқа азаматтан 1,2 млн теңгеге жуық қаражатты қалтаға басқан.
Екі факті бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Полиция департаменті құжаттарды рәсімдеу немесе жеке тұлғалар арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолма-қол ақшаны беру кезінде абай болу керек екенін еске салады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript