Жамбыл облысында мұғалім әріптесінің көлігін ұрлаған

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2023 10:45 Сурет: poilisia.kz
Жетісу облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз әріптесінің автокөлігін ұрлаған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл факт Жаркентте тіркелді. Онда 6 сәуірде аудандық полицияға Mazda-626 көлігі ұрланғаны туралы хабарланды. Көліктің иесі мектеп мұғалімі болып шықты, ол байқаусызда кілтті көлікте қалдырған, соны белгісіз адам пайдаланып, көлікті айдап кеткен.

Іздеу шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері ұрланған көлікті қала шетіндегі үйлердің бірінен тауып алып, заңды иесіне қайтарды. 

Күдікті де білім беру мекемесінің қызметкері және жергілікті мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.

Іс бойынша тергеу амалдары  ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: