Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда үйінді астынан тағы үш адамды аман алып шықты

Түркия, жер сілкінісі, ҚР ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2023 12:06 Сурет: видеодан скриншот
Газиантептегі объектілердің бірінде біздің құтқарушылар үйінділердің астынан 3 адамды тірідей шығарып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құлаған тоғыз қабатты үйдің қирандыларының астынан бір қарт адам мен екі жас жігіт шығарып алынды.

"Қазақстандық құтқарушылар оларға бірінші болып барып, адамдарды Түркиялық әріптестеріне және медициналық қызметтерге тапсырды".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Жұмыстар үзіліссіз екі тәулік бойы аса күрделі жағдайларда жүргізілді.

Ведомство адамдарды анықтау үшін кинологиялық есептоптар мен арнайы іздеу құралдары тартылғанын атап өтті.

6 ақпанда Түркияда бірнеше күшті жер сілкінісі болды. Кейінірек Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 7,8 болатын тағы бір күшті жер сілкінісі тіркелді.

7 ақпанда Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы рейсімен Түркияға ұшты.

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12,3 мың адамға жетті.

9 ақпан күні Түркиядағы тағы 42 қазақстандық Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы рейсімен елге оралды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: