Қар құрсауынан құтқарылған 600-ден астам адамды ары қарай ҚТЖ тасымалдады

Төтенше жағдай Сурет: ҚТЖ
Қар құрсауынан эвакуацияланған 600-ден астам адамды "Жолаушылар тасымалы" АҚ жетер жеріне жеткізіп тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қар жауып, боран борап, тас жолдар жабылғанда эвакуацияланған адамдар үшін темір жол көлігінің тасымалы ұйымдастырылды.

Өткен тәулікте Тараз-Шымкент учаскесінде жолаушылар пойыздарымен 600-ден астам адамды тасымалдау қамтамасыз етілді:

- №71 "Астана-Шымкент" - 125 жолаушы;

- №56 "Көкшетау-Қызылорда" - 250 жолаушы;

- №21 "Семей-Қызылорда" - 79 жолаушы;

- №23 "Алматы-Ақтөбе" - 192 жолаушы;

- №1 "Алматы-Ташкент" 35 жолаушы тасымалданды.

Алдында синоптиктер БҚО және Маңғыстауда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялағанын хабарлаған болатынбыз.

 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз