Шымкентте көлік жүргізушісі 600-ден астам үйді газсыз қалдырды
Сурет: polisia.kz
Opel Vectra көлігі жүргізушісінің кінәсінен 600-ден астам үй газсыз қалды. Бұл жағдай 30 желтоқсан күні сағат 5:30-да Шымкенттің Құрсай шағын ауданында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол көлік тізгініне ие бола алмай, қысымы жоғары газ құбырына соғылды.
Полицейлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабымен ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы") әкімшілік хаттама толтырды.
Материалдар сотқа жіберіледі. Көлік жүргізушісінен газ мекемесіне келтірілген материалдық шығын өндіріледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript