Абай облысында қар құрсауынан 35 адам құтқарылды
Сурет: Zakon.kz
Абай облысында құтқарушылар қар құрсауынан 35 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облысы ТЖД күшімен өтімділігі жоғары техниканың көмегімен тағы 35 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды.
"Қазір қар құрсауынан 200-ге жуық адам, оның ішінде 9 бала құтқарылып эвакуацияланды. Құтқарылғандар Қалбатау ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Бұл ретте "ҚазАвтоЖол" АҚ Абай ауданындағы республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" тас жолында жолшылар ауа райының қолайсыздығынан туындаған қиындықтармен аянбай күресіп жатқанын хабарлады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қар құрсауынан 200-ге жуық адам құтқарылды және эвакуацияланды. Оның ішінде 9-ы - бала. Құтқарылғандар Қалбатау ауылына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет емес.
"Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр", - деп атап өтті Төтенше жағдайлар министрлігі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript