Жамбыл облысында нөмірі өшірілген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

Жамбыл облысы, Тараз, қару-жарақ Сурет: polisia.kz
Тараз қаласының полицейлері 12 ақпан күні қаладағы көшелердің бірінен қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған полипропилен қапшық тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz басылымының жазуынша, оқиға орынынан полиция қызметкерлері зауыттық нөмірі өшірілген ИЖ-ЗК бір оқпанды тегіс ұңғылы аңшы мылтығын, 4,5 мм калибрлі МР-654К пневматикалық тапаншасын, түрлі калибрлі 85 патронды тәркіледі.

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен (Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз