Талдықорғанда оқушылар зауыттың маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты

Балалар қару тауып алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2022 14:58 Сурет: polisia.kz
Талдықорғанда оқушылар жұмысы тоқтап тұрған зауыттың маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, Талдықорған қаласының мектеп оқушылары, 11 жастағы Мейір Мұхтарұлы мен 9 жастағы Валентин Артеменко зауыт маңынан атыс қару мен оқ-дәрілерді тапты.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 2 ПМ (Макаров тапаншасы) және 30-дан астам патрон тәркіледі.

Қарудың атуға жарамдылығын тексеру үшін сараптамаға жіберілді. Азаматтық борышын көрсеткен саналы жасөспірімдерді қалалық полиция басшылығы грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары балаларына лайықты тәрбие берген ата-аналарына алғыстарын білдірді.

Облыс полицейлері атыс қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған азаматтардың әрекеттерінде басқа қылмыстар болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Бұл ретте адамды қамауға алу кезінде, сонымен қатар оларға анықтау және тергеу әрекеттерін жүргізу барысында алынған қару “өз еркімен тапсыру» деп танылмайтынын ескеретеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: