Қызылордалық келіншек сырынан әбден қанық құрбысынан 5 млн теңге бопсалаған
Сурет: Zakon.kz
Қызылордада танысынан 5 млн теңге бопсалаған 35 жастағы әйел құрықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
12 ақпанда полицияға 44 жастағы азаматша көмекке жүгінді. Ол танысы өзін масқаралайтын мәліметтерді жария етемін деп қорқытып, бопсалау арқылы 5 млн теңге беруді талап еткен.
"Аталған дерек бойынша Қазалы АПБ және Ұйымдасқан қылмысқа күрес басқармасының қызметкерлерімен қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде кезекші тәулікте 35 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабының 3-бөлігімен (Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқықты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр". Қызылорда облысы ПД
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript