Тараз тұрғынынан 5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында тұрғыннан 5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2026 18:03 Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында тұрғыннан 5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы полиция департаментіне Тараз қаласының тұрғыны өзін әлдекімнің бопсалағанын айтып, арызданған.

Өтініш иесінің айтуынша, күдікті оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді әлеуметтік желілерде таратамын деп қорқытып, жарияламау үшін 5 миллион теңге талап еткен.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел түрде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті арызданушыға қысым көрсетуді тоқтату және бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған жағымсыз пікірлерді өшіру үшін алынған ақшаны беру кезіндегі қылмыс үстінде ұсталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: