Маңғыстаулық ер адам танысынан "интим суреттер мен видеоларды таратамын" деп ақша бопсалаған
2025 жылғы 26 қаңтарда шамамен 14:50-де Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Жаңаөзен қаласының Шаңырақ ықшамауданында жылдам әрекет ету арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын өткізді.
Нәтижесінде 2004 жылы туған Жаңаөзен қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді.
Тергеу барысында күдікті өзінің танысына интим фото және видеоматериалдарды жариялаймын деп қорқытып, одан 600 мың теңге бопсалағаны анықталды. Қылмыстың мән-жайы тергеу әрекеттері барысында анықталып жатыр.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тінту кезінде күдіктіден қылмыс жасалғанын растайтын айғақ заттар, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 300 мың теңге тәркіленді.