Ақтөбеде интим сипаттағы массаж жасаған 60 қыз анықталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2023 00:36 Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде интим қызмет көрсеткен және интим сипаттағы массаж жасаған 60 қыз анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік қызмет көрсеткен және интимдік сипаттағы массаж жасаған 60 қызды анықтады.

Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 4 массаж салоны мен бір сауна анықталды, оның иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақтөбе облысы полиция департаменті тұрғын үй-жайларды жалға берумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді және риэлторлық қызмет көрсететін ұйымдарға жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жайларды ұсыну әкімшілік құқық бұзушылыққа жататынын және ол үшін 100 АЕК және одан жоғары мөлшерде айыппұл қарастырылғанын ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: