Ақтөбеде ұлттық киім брендіне ақша салғандар 72 миллион теңгеден айырылды

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2026 18:10 Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде ірі көлемдегі алаяқтық фактісі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылдың басынан бері Ақтөбе облысының тұрғындары Instagram әлеуметтік желісі арқылы Ақтөбе қаласында ұлттық нақыштағы киімдер мен аксессуарлар сататын дүкеннің қызметі туралы білген. Дүкеннің әлеуметтік желідегі парақшасында брендті дамытуға және ілгерілетуге инвестиция салу арқылы жоғары табыс табуға болатындығы жөнінде ақпарат жарияланған.

Кейін дүкен иесі азаматтармен жеке кездесіп, өз брендіне қаржы салуды ұсынып, салынған инвестиция көлемінен ай сайын 10 пайыз көлемінде табыс төлейтінін, сондай-ақ дүкендегі кез келген тауарды сыйлық ретінде беретінін уәде еткен.

Жоғары табысқа сенген азаматтар оған өз қаражаттарын тапсырған. Алайда уәде етілген төлемдер жүргізілмей, салынған ақшалар иелеріне қайтарылмаған.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 8 азамат жәбірленуші деп танылды. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 72 миллион теңгеден асады. Тергеу барысында жәбірленушілер санының артуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды", – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда істің барлық мән-жайын анықтауға және өзге де қылмыстық эпизодтарды тексеруге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар полиция азаматтарды әлеуметтік желілерде жарияланатын жоғары әрі кепілдендірілген табыс туралы ұсыныстарға сақтықпен қарауға, қаражат салмас бұрын ұйымның немесе жеке тұлғаның қызметін мұқият тексеруге және қаржылық мәмілелерді міндетті түрде заңды құжаттармен рәсімдеуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: