Қазақстандағы магистратура грантының құны өседі

Министрлік Қазақстандағы магистратура грантының құнын өсірмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2023 14:09 Сурет: primeminister.kz
Үкімет отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек магистратура грантының құнын көтеру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми кадрларды – магистранттарды, PhD докторларын даярлауда ерекше ынталанбауының басты себептерінің бірі – грант құны.

"Бүгінде магистратура бойынша гранттардың орташа құны шамамен 380 мың теңге. Ал негізгі басым мамандықтар бойынша бакалавриат грантының құны шамамен - 1 миллион теңге. Әрине, ЖОО-лар ғылыми кадрлармен мықты жұмыс істеуге мүдделі емес. Ал негізгі басым мамандықтар бойынша грант құны шамамен 1 миллион теңге болып отыр. Әрине, жоғары оқу орындары ғылыми кадрлармен мықты жұмыс істеуге мүдделі емес", - деді ол. Саясат Нұрбек

Бұл мәселені шешу үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратура мен докторантураға бөлінетін гранттардың құнын биылдан бастап 2-3 жыл бакалавриаттармен салыстыра отырып 1,5-2 есе көтеруді қолға алмақ.

Саясат Нұрбектің айтуынша, мұндай қадам жоғары оқу орындарының ғылыми кадрлар даярлауға мүдделі болуы үшін жасалып отыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: