Air Astana Франкфурт бағытындағы рейстерге қатысты қиындық туындағанын хабарлады

Хабарландыру Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Air Astana әуе компаниясы 17 ақпанға жоспарланған Астана-Франкфурт-Астана рейсі орындалмайтынын хабардар етті. Компания баспасөз қызметі бұл Германиядағы кәсіподақтар ереуіліне байланысты екенін нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Германия әуежайларындағы неміс кәсіподақтарының ереуіліне байланысты 17 ақпандағы KC 921/KC 922 - Астана-Франкфурт-Астана рейсі орындалмайды. Одан кейінгі рейстер кестеге сәйкес жүзеге асыралады. Орындалмаған рейстердің жолаушыларына билет құны айыппұлсыз қайтарылады немесе 2023 жылдың 10 наурызына дейін орындалатын рейстерге қайта брондау ұсынылады. Әуе компания орын алған қолайсыздықтар үшін өкініш білдіреді". Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі


Сондай-ақ әуе компаниясы билетті қайтару және қайта брондау бойынша көмек орталығына хабарласуды сұрайды және рейс мәртебесін әуекомпания сайты арқылы тексеру ұсынылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз