Жаңалықтар тізбегі
0

Меккеде алғашқы қазақстандық жұп некесін қиды

Алғаш рет қазақстандық жұп меккеде некесін қиды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2023 10:09 Сурет: Instagram/aglanakpan
Қазақстан азаматтары Ағлан Ақпан мен Аэлита Меккеге барып, некелескен. Олар қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"12.02.23. Алланың қалауымен некемізді Қасиетті Меккеде қидық", - деп жазды Ағлан Ақпан мен жұбайы Аэлита Instagram-дағы парақшасында.


Күйеужігіт Ағлан неке рәсімін үнемі шет елде өткізсем деп армандаған. Бірақ дәл Алланың үйінде, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) тікелей ұрпақтары некемізді қияды деп ешқашан ойламағанын айтады. Ең қызығы екі жастың некесін Сауд Арабиясының лауазымды шейхтары кескен. Ағлан мен Аэлита - Меккеде некесін қиған алғашқы Қазақстан жұбы.

"Қасиетті Мекке қаласында бәрі Алланың қалауымен болады, яғни бұл - бізге жазылған тағдыр. Бұл біз үшін ең қуанышты күн, естен кетпес сәт, бізге тарих болып қалды. Ең қызығы - некемізді осы елдің лауазымды шейхтары кесті. Олар үшінде бұл бір жаңалық болды. Бұрын соңды болмаған жағдай. Алла тағала бұндай бақытты көптің біріне бұйрмайды, бірақ Аллаға шукір, біз өз елімізден бірінші болып, дәл осы Алланың үйінде, пайғамбар ұрпақтарының келісімімен некемізді қидық. Осы қасиетті кісілерден бата алдық. Ол кісілер бізге деген құрметін көрсетіп, маған озінің куфиясын кигізді (шейхтардын бас киімі). Аллам мені солардың дәрежесіне жеткізсін", - деп жазды күйеужігіт.

Желі қолданушылары екі жастың мұндай қуанышына ортақтасып жатыр. Кейбірі "Басталды" деп бұдан кейін де Меккеде неке қидыру қазақстандықтар арасында сәнге айналуы мүмкін екенін болжады.

Ағлан Ақпан отандастарына "Жұғысты болсын!" деп тәлек білдірді.

"Бастамамыз осындай жақсы болғандықтан, Алла бізге жар болып шанырағымыз биік, босағамыз кең, махаббатымыз мәңгілік және салихалы ұрпақ тәрбиелеуді нәсіп етсін. Алла бізді сүйген құлдарының қатарынан етсін. Сіздерге де жұғысты болсын".Күйеужігіт Ағлан Ақпан




Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: