Алматы хайуанаттар бағы үш апталық тауыс балапанын көрсетті

павлин балапаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2022 15:06 Сурет: видеодан скриншот
Алматы хайуанаттар бағы әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті. Үш апта бұрын зообақта корольдік тәжі бар тауыс балапандары дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хайуанаттар бағының Telegram-дағы каналында үш апталық балапандар мен олардың анасы тауыс құсы түсірілген видео жарияланды.

Зообақ әкімшілігі балалардың жынысы тауыстардың түсі шыға бастағанда белгілі болатынын айтты.

6 қыркүйекте Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі бірден екі жақсы жаңалық жариялады:

28 шілдеде жұп жираф - Хан мен Сұлу әлі есімі қойылмаған сәбилі болды (конкурс жарияланды);

30 шілдеде Пржевальскийдің Бурабай мен Жұманқұл атты жылқыларынан Кармела тайыншасы дүниеге келген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: