Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы хайуанаттар бағы жақсы жаңалығын бөлісті

Алматы зообағында ягуарлар дүниеге келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2022 13:57 Сурет: видеодан скриншот
Жаңа жыл қарсаңында Алматы хайуанаттар бағы әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын хабарлады. Жаздың ортасында ягуар жұбынан егіз ягуар дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біздің ягуарлар жұбы Васек пен Момынның егіз ягуарлары: Мика ұрғашы және Мади еркек төлдерді өмірге келгенін қуана хабарлаймыз. Олар 9 шілдеде туған, бірақ біз олар туралы қазір ғана айтып отырмыз. Өйткені біз өте ырымшылмыз және төлдердің өсіп, жетілгенін күттік", - делінген Алматы зообағының Instagram-дағы парақшасында.

Ягуарлардың кімге ұқсайтыны да белгілі болды. Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің сөзінше, Мика әкесіне ұқсайды, оның терісінің түсі қара. Ал Мәди анасы сияқты терісі теңбіл. Бірақ Миканың мінезі анасына тартқан, өте мейірімді. Ал Мади анасына ұқсаса да, әкесі Васек сияқты шапшаң, тентек.

"Жалпы анасы мен төлдердің жағдайы жақсы. Кез-келген үй марғаулары сияқты, Мади мен Мика да бір-бірімен немесе анасының құйрығымен ойнағанды ұнатады. Алматы хайуанаттар бағының ягуарларын тамашалауға келіңіз", - деп жазды Алматы хайуанаттар бағы.


Ягуарлар Оңтүстік Американың жылы елдерінің тұрғындары болғандықтан олар қыста “Жыртқыш сүтқоректілер” павильонында тұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: