Медеуде 18 ақпаннан бастап жаппай сырғанау уақытша тоқтайды

21-24 ақпан аралығында "Медеу" мұз айдынында конькимен жүгіруден жеке және командалық біріншілікте Қазақстанның Кубогы өтеді. Жарыстарға байланысты 18-24 ақпан күндері жаппай сырғанау тоқтайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс өтетін күндері Медеуге кіру тегін болады.
Алдағы старттың жүлделерін республикалық маңызы бар 2 қала мен еліміздің 7 облысының өкілдері сарапқа салады.
21-22 ақпанда ҚР Кубогының финалдық кезеңі, ал 23-24 ақпанда командалық пәндер бойынша старт өтеді.
Бұған дейін Алматыда 19 ақпанда "Winter Run 2023" жарысына байланысты автобустардың қозғалысы уақытша өзгеретіні хабарланған. Қаладағы жолдардың бір бөлігі де жабылады.
Бөлісу
0
Толық оқу