Семсерлесуден әлем кубогында спортшыларымыз күміске ие болды

Семсерлесу, Әлем кубогы, Қазақстан спортшылары, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2023 10:06 Сурет: Instagram/drs_kz
Бахрейндегі Семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы командалық біріншілікте күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Команда сапында Лукин Богдан, Михаил Кузьмин, Алексей Касаткин, Георгий Тинников өнер көрсетті. Алдын ала жекпе-жектерді сәтті игерген отандастарымыз жартылай финалда Эстония спортшыларын ұтты. Ал финалда Египет өкілдеріне 34:45 есебімен есе жіберді.

Жеңіліске қарамастан, спортшыларымыздың еңсесі түсе қойған жоқ, олар Әлем кубогында екі бірдей металь ұтып алды. Алдыңғы күні Богдан Лукин жекелей сында жеңіс тұғырында үшінші орынға көтерілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: