Қазақстан таеквондодан командалық Әлем кубогында күміс медаль иеленді

Таеквондо, командалық Әлем кубогы, Қазақстан, күміс медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 19:08 Сурет: ҚР Таеквондо федерациясының баспасөз қызметі
Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық Әлем кубогы басталды. Алғашқы жарыс күні Қазақстан ерлер құрамасы финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандастарымыз ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен, жартылай финалда Ресей құрамасын 2:1 есебімен жеңді.

Ал ақтық сында Қытай құрамасына 2:0 есебімен жол берді.

Құрама сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Кусетов өнер көрсетті.

Айта кетейік, командалық Әлем кубогы 16 шілдеде аяқталады.

Бұған дейін дзюдодан Asian Open турнирінде Қазақстан спотшылары сегіз медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: