Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады
Сурет: olympic.kz
Францияның Шамони қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Отандастарымыз "жылдамдық" бағдарламасында сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрама сапында ең үздік нәтижені Дамир Тоқтаров көрсетті. Ол 13-орынға тұрақтады.
Ал Ришат Хайбуллин 14-орын, Әмір Маймұратов 26-орын, Рашид Хайбуллин 35-орын, Әлішер Мұрат 50-орынға табан тіреді.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Тамара Улжабаева 35-орын, Анна Баларшина 42-орын, Арина Новицкая 50-орыннан көрінді.
Бұған дейін Қазақстан таеквондодан командалық Әлем кубогында күміс медаль иеленгені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript