Қазақстан құрамасы таеквондодан Оңтүстік Кореядағы Әлем кубогында қола медальға қол жеткізді
Сурет: olympic.kz
Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық Әлем кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандастарымыз жартылай финалға дейін жетті. Алайда, Оңтүстік Кореяға 1-2 есебімен жол берді.
Ал, қола жүлде үшін өткен айқаста қазақстандықтар Марокко спортшыларын 2-1 есебімен жеңді.
Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы таеквондодан жыл соңында өтетін Әлем кубогына жолдама алды.
Сондай-ақ, әйелдер арасындағы сайыста Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін жетті. Бұл кезеңде отандастарымыз қытайлықтарға 2:0 есебімен жол берді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript