Александр Бублик Марсель турнирін сәтті бастады

Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 50-ракеткасы Александр Бублик Марсель (Франция) ATP 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзінің 67-ракеткасы, сербиялық Филип Краиновичпен ойнады.
Матч 2 сағат 7 минутқа созылды: Есеп - 5:7, 6:3, 6:4.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, Александр Бублик енді турнирдің ширек финалға шығу үшін дүниежүзінің 48-ракеткасы, швейцариялық Марк-Андреа Хуслер немесе рейтингіде 58-орында тұрған франциялық Грегуар Баррердің біреуімен таласады.
Айта кетейік, Александр Бублик былтырғы қазаннан бері түрлі жарыста он рет қатарынан жеңіліп келе жатыр еді.
Бөлісу
0
Толық оқу