Александр Бублик Роттердамдағы АТР 500 турнирін сәтті бастады

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2024 18:27 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Роттердам (Нидерланд) қаласында басталған АТР 500 турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Бублик хорватиялық теннисші, әлемнің 31-ракеткасы Борна Чоричті 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 53 минутқа созылды.

Енді ол ширек финалға шығу үшін канадалық теннисші, әлемнің 309-ракеткасы Милош Раоничпен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Александр Монпельеде өткен турнирдің финалында да хорватиялық теннисші Борна Чоричті жеңген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: