Александр Бублик Марсель турнирін сәтті бастады

Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 01:03 Cурет: instagram.com/bublik/
Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 50-ракеткасы Александр Бублик Марсель (Франция) ATP 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзінің 67-ракеткасы, сербиялық Филип Краиновичпен ойнады.

Матч 2 сағат 7 минутқа созылды: Есеп - 5:7, 6:3, 6:4.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Александр Бублик енді турнирдің ширек финалға шығу үшін дүниежүзінің 48-ракеткасы, швейцариялық Марк-Андреа Хуслер немесе рейтингіде 58-орында тұрған франциялық Грегуар Баррердің біреуімен таласады. 

Айта кетейік, Александр Бублик былтырғы қазаннан бері түрлі жарыста он рет қатарынан жеңіліп келе жатыр еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: