ШҚО-да қар көшкіні болуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі әлі де бар. Алдағы бірнеше тәулікте аймақта күн райы 4 градусқа дейін жылынуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Жалпы елімізде қар көшкіні түсетін 800-ден астам аумақ болса, оның 500-ге жуығы осы облыста. Қар көшкіні көп түсетін таулардың арасымен бірнеше автокөлік жолы да өтеді, деп жазады qazaqstan.tv.
Оған қоса 70-тен аса елдімекен бар. Биыл тау шатқалдарындағы қар қалыңдығы 2 метрге жеткен.
Бүгінге дейін көшкін жүруі мүмкін 20 бағыт белгіленіп, ол аумақтарды мамандар бақылап отыр. Жолушыларға тау арасындағы жолмен жүргенде ерекше сақ болу қажеттігі ескертіліп жатыр.
Бөлісу
0
Толық оқу