Жаңалықтар тізбегі
0

Джо Байден делегациясының бір мүшесі аяғынан шалынып, ұшақ баспалдағынан домалап кетті

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 21:09 Сурет: видеодан алынды
Варшавада АҚШ президенті делегациясының бір мүшесі ұшақтан түсу кезінде аяғынан шалынып, баспалдақтан домалап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

WPROST.pl. поляк газеті жазғандай, ер адам аяғынан шалынып, құлап, баспалдақтан домалап кеткен.  Жерге осылайша домалап түскен оны сол маңдағы адамдар көтеріп тұрғызған.


Дүйсенбіде Байден өзінің Польшаға ресми сапары алдында аяқ-астынан Киевке соққаны да нақтыланады. Ол Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, сонымен қатар 500 миллион долларға жуық әскери көмек пакеті бөлінгенін жариялады.

Путин бұған дейін АҚШ-пен жасасқан Стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарды одан ары қысқарту жөніндегі шаралар туралы шарттан (СНВ-ІІІ) шыға тұратынын жариялаған болатын. Сондай-ақ, ол Қорғаныс министрлігі мен Росатомға Ресейдің ядролық қаруды сынауға дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды, егер оны АҚШ бірінші болып сынайтын жағдайда.

АҚШ Президенті Джо Байден Ресей Президенті Владимир Путинмен қару-жарақтарды шектеулер жайын талқылауға дайын екенін мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: