Джо Байден Әуе күштері академиясында диплом тапсыру рәсімі кезінде шалынып жығылды

АҚШ президенті 80 жастағы Джо Байден Колорадо штатындағы Әуе күштері академиясында бітіру рәсімі кезінде сахнада құм салынған мүшекке шалынып, құлап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Байден өздігінен тұруға тырысқанымен, тұра алмаған. Күзетшілер тез жетіп, оны тұрғызуға көмектескен. Желіде сол сәттің бейнежазбасы тарады.
Biden fell again.
— ALX 🇺🇸 (@alx) June 1, 2023
pic.twitter.com/yNXkTNT4zQ
Ақ үйдің қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Бен Лаболт Twitter-де Байденнің жағдайы жақсы екенін жазды.
"Оның жағдайы жақсы", – деп жазып, АҚШ президенті сахнада шынымен шалынып жығылғанын растады.
He's fine. There was a sandbag on stage while he was shaking hands. https://t.co/jP4sJiirHh
— Ben LaBolt (@WHCommsDir) June 1, 2023
6 наурызда Байден Алабама штатында ұшаққа мінер кезде де сүрініп кеткен еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript