Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 10 млн теңгелік қымбат қару табылды

Қаңтар оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 21:56 Сурет: pexels
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан қару-жарақ сақталған орынды анықтады. Оның арасынан қолға тие бермейтін қымбат металдан жасалған қару да табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында Remington 308 калибрлі иір ойықты мылтық карабині, екі оқжатары бар DSR 338 калибрлі жоғары дәлдіктегі мергендік карабині табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, Макаров тапаншасының 10 оғы анықталды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бір ғана жоғары дәлдіктегі карабин шамамен 10 млн теңге тұратыны анықталды.

Айта кету керек, аталған қару-жарақ қаңтар оқиғасы кезінде “Қорған” қару дүкенінен ұрланған тізіміне кіреді.

ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі бойынша Жамбыл ауданы ПБ СДТБТ-да тіркелді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: