Алматы облысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 10 млн теңгелік қымбат қару табылды
Сурет: ҚР ІІМ
Табылған заттардың ішінде қолға тие бермейтін қымбат металдан жасалған қару да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 10 миллион теңгелік қымбат қару табылды.
Ішкі істер министрлігінің жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан қару-жарақ сақталған орынды анықтады.
Табылған заттардың ішінде қолға тие бермейтін қымбат металдан жасалған қару да бар, деп жазады qazaqstan.tv.
Тексеру барысында бұдан бөлек, 2 мылтық карабині, Макаров тапаншасының 10 оғы тәркіленген. Ол «Қорған» қару дүкеніне тиесілі болуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript