Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы қымбаттап жатыр
Өткен аптада азық-түлік тауарларының бағасы 0,3%-ға, жылдық мәнде 23,7%-ға қымбаттағаны хабарланды.
Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне 19 атау енгізілгені айтылады.
Қазақстан Республикасындағы СЗПТ тізбесіндегі кейбір тауарлардың орташа бағасы (2023 жылғы 21 ақпандағы жағдай бойынша):
- күнбағыс майы – 903 теңге/л;
- макарон – 309 теңге/кг;
- күріш – 376 теңге/кг.
Айта кетейік, баға мониторингі апта сайын жүргізіледі.
Бағалардың өзгеруі туралы ақпаратты жинау барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүргізіледі.
Ол үшін Бюрода көрсетілгендей, елді мекеннің әр жерінде орналасқан тауарлардың ассортименті кең түрдегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер және павильондар) таңдалады.
22 ақпанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев ішкі нарықта тұтынушыларға пияз қоры жеткілікті ме, жоқ па деген болатын.