Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2023 13:35 Сурет: Facebook/Айдын Сауданбеков
Айдын Сауданбеков Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауданбеков Айдын Тұрғанбекұлы 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі: 

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді. Мамандығы – экономист.

Еңбек өтілі:

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 24 жыл. Еңбек жолын 1998 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы болып бастады.

  • 2000 жылғы наурыздан бастап Ұйғыр ауданы бойынша Салық комитетінің аға салық инспекторы, бас салық инспекторы, 2001 жылғы желтоқсаннан бастап Алматы облысы бойынша Салық комитетінің, Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитетінің әртүрлі лауазымдарында жұмыс жасады.
  • 2008 жылғы кыркүйектен бастап Іле ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім басшысы, Талдықорған қаласы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облысы Ұйғыр ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім басшысы лауазымдарын атқарды.
  • 2015 жылғы маусымнан бастап Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық бақылау басқармасының, Аудит басқармасының, Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
  • 2021 жылғы тамыздан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Әкімшілендіру департаментінің директоры, 2022 жылғы ақпаннан бастап осы уақытқа дейін Аудит департаментінің директоры лауазымын атқарды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: